ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің Катонқарағай аудандық кәсіподақ ұйымында кезектен тыс есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының құрамында Үлкен Нарын ауданының құрылуына байланысты Катонқарағай аудандық ұйымының құрамынан бөлу арқылы жаңа филиал құрылды.
Білім беру қызметкерлерінің Катонқарағай аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Катонқарағай ауданының «Сейітқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, 30 жылдық педагогикалық және кәсіподақтық жұмыс өтілі бар Нуртазин Фархат Муктарканович бірауыздан сайланды.
Үлкен Нарын ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы болып бірауыздан жаңа мерзімге делегаттар Малахов Вячеслав Васильевичті сайлады.
Конференция барысында жұмыс органдары мен облыстық есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды. Конференция жұмысы сындарлы жағдайда өтті.
-
Фото
-