ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА ҰЖЫМДЫҚ ЖИНАЛЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ
Маңғыстау облысы білім басқармасына қарасты барлық білім беру ұйымдарының жұмыс жоспарларына сәйкес, «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы балабақшасында, «№2 арнайы мектебі» КММ-де, Түпқараған психологиялық педагогикалық түзеу кабинетінде, «Маңғыстау туризм колледжі», «Маңғыстау техникалық колледжі» сонымен бірге Жаңаөзен қаласында барлық білім беру ұйымдарында ағымдағы жылдың 15-24 қаңтар аралығында ұжымдық жиналыстар болып өтті.
Жиынға Маңғыстау облысының білім басқармасынан, оқу-әдістемелік орталығынан мамандар, ҮЕҰ мүшелері, депутаттар, ардагер ұстаздар, ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері және ұжым мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды. Әрбір білім беру ұйымының басшылары өткен 2023 жылдың жұмыстарын, ҰБТ нәтижесінің қорытындыларын, жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін және қаржы қозғалыстары туралы есебін берді.
Ұжымдардың бастауыш кәсіподақ ұйымының жылдық есебі тыңдалып, кәсіподақ ұйымының міндеттері мен мақсаттары айтылды. Ұжым тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Педагог этикасы бойынша - директордың оқу-ісі жұмысы жөніндегі орынбасарлары педагогикалық әдептің 7 қағидасын айта отырып, әріптестерін өз құндылықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге, мұғалімнің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеу, этика нормалары мен ережелерін сақтау керектігі туралы тарқатып айтты.
Жиындарға Маңғыстау облысының білім басқармасының мамандары да қатысып, сөз сөйледі.
Әлеуметтік әріптестік аясында өткізілген жиналыстар өзінің маңыздылығымен ерекшеленді. Білім саласының қызметкерлері көп мағлұматтарға қанық болды.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-