«ЕҢБЕК АДАМЫ» ТӨСБЕЛГІСІ
«Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ Атқару комитетінің 14.11.2023 жылғы № 14 қаулысымен «Еңбек адамы» төсбелгісі бекітілді.
«Еңбек адамы» төсбелгісімен кәсіподақ мүшелері, жалпы жұмыс өтілі кемінде 30 жыл, оның ішінде бір лауазымда кемінде 25 жыл болып табылатын Шығыс Қазақстан облысы білім беру ұйымдарының педагогикалық емес мамандықтарының қызметкерлері марапатталады. Еңбек адамы көп жылдық адал еңбегі, сондай-ақ еңбекте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және кәсіби шеберлігі үшін көтермеленеді.
Бұл марапатты бірінші болып Катонқарағай ауданының қызметкерлері алды:
- Құмарғалиева Арай Қадылбекқызы –«Үлкен Нарын ауылдық лицейі» КММ іс жүргізушісі,
- Құрмамбаева Айгүл Әбдіқанқызы – «Үлкен Нарын орта мектебі» КММ химия кабинетінің зертханашысы,
- Мұсаканова Мархаба Қадылқанқызы –«Сейітқамза Ластаев атындағыорта мектеп» КММ техникалық персоналы.
Қызметкерлерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз! Сіздің жұмысыңыз біз үшін баға жетпес және өте маңызды! Сіздерге шын жүректен алғыс айтамыз!
-
Фото
-