КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Жаңаөзен қаласындағы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде ұжымдық жиналыс өтті.
Колледж басшысы Д.О.Бекмағамбетов 2023 жылдың қаржы қозғалысы, қаржының мақсатты жұмсалуы туралы есебін берді. Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Н.Сандыбаева кәсіподақ ұйымының жұмсалған қаржысы және алдағы жоспарлы жұмысы туралы таныстырды.
Ұжымдық жиналысқа қатысқан «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ төрайымы Т.А.Байымбетова кәсіподақ ұйымының мақсаты мен міндеттерін, еңбек қатынастарын рәсімдеу туралы, Әлеуметтік әріптестік туралы өңірлік келісімде колледж қайта құру арқылы шаруашылық жүргізуге көшкен жағдайда кәсіподақ ұйымына кіретін қызметкерлер мен ұжымдық шартқа қосылған қызметкерлерге сауықтыру жәрдемақысы жалғаса беретіні алдын ала қарастырылғанын ұжым мүшелеріне жан-жақты түсіндірді.
Маңғыстау облысының білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Ж.О.Сармурзина ҚР «Педагог мәртебесі туралы» заңы, педагогтардың кәсіби этикасы және қарым-қатынас мәдениеті туралы, қазіргі қоғамдағы белең алған сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын-алу шаралары туралы баяндады.
Жиналыс соңында Ж.О.Сармурзина облыстық кәсіби шеберлік байқауында жүлделі орын алған арнайы пән оқытушыларын дипломдармен марапаттады.
С.Н.Сандыбаева,
Колледждің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы
-
Фото
-