КӘСІПОДАҚ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНЫҢ ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Орал қаласындағы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы «Светлячок» демалыс базасында еңбек ұжымы үшін демалыс шарасын ұйымдастырды.
Басты мақсат – ұжымның бірлігін нығайту, жұмыстағы күйзелістің алдын алу, қызметкерлермен бейресми, ашық диалог алаңын қалыптастыру.
– Кез келген ұжымда ұйымшылдық маңызды екені анық. Егер қызметкерлердің арасында өзара сыйластық пен татулық болмаса, атқарып жатқан жұмыс кері кетеді. Сол себепті ұжымның ауызбіршілігін әрқашан қадағалап, олардың еңбекке деген ынтасын арттырған жөн. Осы орайда кәсіподақ ұйымы ұжымның ұйытқысына айналып отыр десек артық айтқандық емес. Сондықтан да кәсіподақ мүшелерін алып, табиғат аясында демалыс күндерін өткізуді жөн көрдік және бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметін жандандырып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылатын жұмыстар мұнымен бітпейді,- дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Амангалиев Досжан Айдынғалиұлы.
Табиғат аясындағы түрлі сайыстар мен спорттық жарыстар ұжым үшін өте қызықты демалыс болды.
ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ
-
Фото
-