БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ПЛЕНУМ ОТЫРЫСЫ
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіптік одағының Пленум отырысы өтті. Пленум жұмысына шақырумен Пленум мүшелері қатысты.
Білім саласының облыстық кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев Пленум отырысын «ашық» деп жариялап, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ ұйымында 2023 жылы атқарылған Атқару комитетінің жұмысы туралы баяндады.Сонымен қатар, Орал қалалық және Жаңақала аудандық кәсіподақ комитеті – Филиалдарының төрағалары Төлеген Темешев, Жастілек Қайрекешовтердің кәсіподақ қызметін үйлестіру жөніндегі жұмыстары туралы ақпараты тыңдалды.
Пленум отырысында кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету, мүшелік ұйымдардағы еңбек заңдылығы мен еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің сақталуына қоғамдық бақылау жұмыстарытуралы мәселелер қаралып, пленум мүшелері көтерілген сұрақтардыталқылап, өз пікірлерін білдірді.
Пленум күн тәртібі бойынша қаулылар алынып, кәсіподақ ұйымдарындағы әдістемелік көмек беру жұмыстарын Филиалдар мен бастауыш ұйымдардажалғастыру жөнінде тапсырмалар мен міндеттер жүктелді.
Атаулы шарада белсенді кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ төрағалары мерейтойларымен құттықталып, сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Батыс Қазақстан облыстық ұйымы
-
Фото
-