КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Талдықорған қалалық филиалының төрайымы Айым Ерікқызы М. Ломоносов атындағы №5 мектеп-лицейінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында кәсіподақтың атқарып жатқан жұмысына тоқталып, алдағы мақсаттары мен міндеттерін айтып, филиал тарапынан жасалған игі бастамаларға ұстаздарды белсенді қатысуға шақырды. Кәсіподақ еңбек адамының әлеуметтік және құқықтық мүддесін қорғау жолында жиі кездесу өткізіп жатқанын жеткізіп, педагогтардың тарапынан туындаған сұрақтарға заң аясында жауап беретінін айтты.
Аталған білім ордасының директоры Әлия Маденова әлеуметтік әріптес ретінде қоғамдық бірлестіктің жұмысына қолдау танытып, барлық қызметкерлердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға барынша атсалысатынын жеткізді.
Сондай - ақ кездесуге арнайы шақырту алған Нұрболатова Зәурешке Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды. Білім саласын дамытуда қажырлы еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген З.Нұрболатова география пәнінің мұғалімі лауазымын жоғары деңгейде атқарып, мыңдаған шәкіртті тәрбиелеген. Бүгінгі күні сала ардагері атанған ұлағатты ұстаз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып келеді.
Ардагер ұстаз барша әріптестеріне алғысын білдіріп, еңбегін елеген кәсіподақ филиалына ризашлығын жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және
жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»
жергілікті кәсіподағы» қоғамдық
бірлестігі
-
Фото
-