КӘСІПОДАҚТАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК
Кәсіподақ қай кезде де жұртшылықтың жағдайына ортақтасып, зардап шеккен адамдарға көмек қолын созудан тыс қалмаған.
2024 жылдың қантар айында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Белоусовка орта мектебінің есепшісі,кәсіподақ мүшесі Клименко Татьяна Алексеевнаның үйі өрт салдарынан зардап шеккен. Осы себепке байланысты Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы және Глубокое аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы тараптарынан қайырымдылық жәрдем көрсету шарасы ұйымдастырылып, аудандық ұйым төрағасы А.Мусина қаржылай көмекті табыстады.
Татьяна Алексеевна өз тарапынан қашанда кәсіподақ мүшесінің жанынан табылатын кәсіподақ ұйымына алғысын жеткізді.