МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ
Семей қалалық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Мұсабеков Ербол Әсемқанұлы Семей қаласы № 40 орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, бастауыш сынып мұғалімі Достовалова Татьяна Александровнаны мерей жасымен құттықтап, саладағы көп жылғы еңбегіне алғыс білдіріп «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
Татьяна Александровна көп жылдар бойы № 40 мектептің кәсіподақ комитетінің төрайымы болып, кәсіподақ ұйымының әрбір мүшесіне шын жүректен қамқорлық жасап отыр. Мектепте барлық қызметкерлер кәсіподақ мүшелігімен қамтылған. Мектеп әкімшілігімен тығыз байланыста жұмыс істеп, кәсіподақ пен мектеп әкімшілігі арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту жолға қойылған. Ұжымдық шарт арқылы, кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауға баса назар аударылады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық әріптес.
Кәсіподақ көшбасшысы өз жұмысына өте тұянақты қарайды. Татьяна Александровна – қалалық кәсіподақ комитетінің жұмысына да зор үлес қосып жүр, қалалық кәсіподақ Кеңесінің және Атқару комитетінің мүшесі.
Бүгін Татьяна Александровнаны мерей жасына орай мектеп директоры Қуанышбаева Айжан Алпысбекқызы, кәсіподақ комитетінің мүшелері және бүкіл ұжым құттықтады.
Семей қалалық кәсіподақ комитеті