КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелері үшін 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімде көзделген қосымша артықшылықтары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында кәсіподақ ұйым басшыларына және есепшілеріне арналған кезекті жүрмелі семинар Түпқараған ауданында өткізілді.
Кезекті семинарға облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Баймбетова Тарбия Анайбекқызы және кәсіподақтың құқықтық қызметтер жөніндегі бас маманы Храмова Наталья Станиславовна, аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Қуанышқалиқызы Утесбаева қатысып өткізді.
Семинар жоғарғы дегейде өтті. Облыстық Келісім бойынша қосымшада көрсетілген артықшылықтар мен қосымшалар түсіндірілді. Қойылған тұрлі сауалдарға нақтылы жауаптар берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі іссапарға қатысты болды.
Түстен кейін Таушық ауылындағы «Айгүл» бөбекжайында кездесу жиналысы өткізілді. Бала санының азаюына байланысты штаттар санының қысқаруы жайында мәселе қозғалды.
Нәтижесінде мамандарға барынша көмектесіп жұмыста қалу, басқа жұмысқа орналастырумен аяқталды. Ұжым жалпы толық кәсіподақ мүшелігінде болмағандықтан кәсіподақтың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтылды. Ұжым 100 пайыз кәсіподақ қатарына кіретінін білдірді.
Маңғыстау облысы, Түпқараған аудандық филиалы.
-
Фото
-