АҚСУАТТА ЖАСАЛҒАН ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТА КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары мен төрағаларымен комитет отырысы болды. Комитет отырысында екі мәселе қаралды : Бірінші күн тәртібінде «Абай облысы білім басқармасының» «Ақсуат ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің» «Ақсуат аудандық комитеті»арасындағы 2023 – 2025 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы ұжымдық шарт талқыланып түсіндірілді.Екінші күн тәртібіндегі мәселе 2023 жыл атқарылған жұмыстар мен жұмсалған бюджеттік қаржының есебі берілді. Бірінші күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақсуат аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Ахметқалиев бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағаларына түсіндіріп өтті. Жалпы аудан бойынша білім беру мекемелерінің басшылары Ақсуат аудандық білім бөлімі басшысының атына сенім хат беру бойынша аудандық бірыңғай ұжымдық шарт жасалды.
Ұжымдық шарт Ақсуат ауданы білім бөлімі мемлекеттік өкілетті орган болып табылатын барлық білім беру ұйымдарында әлеуметтік – еңбек қатынастарды реттейтін құқықтық акт болып табылады. Ұжымдық шартта білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік – еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, қосымша әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтсақ, білікті емес еңбек қызметкерлерге (кіші қамту қызметкерлері) жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы бір айлық жалақы мөлшерінде төленеді.
Білім беру мекемелерінің автокөлік құралдарының жүргізушілеріне қызмет көрсету, қысқа мерзімді жөндеу және слесарьлық жұмыстар үшін қосымша ақы жүргізушінің өзінің лауазымдық жалақысының 50% мөлшерінде тағайындалады және төленеді. Ауылдық жерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметшілер болып табылатын педагог қызметкерлерге, бухгалтерлерге / бас бухгалтер, экономист, бас экономист / лауазымдық айлық ақылар (мөлшерлемелер) 25% - қосымша төлемдер төленеді.Оқу жылы басталған уақытта зейнеткерлік жасқа жеткен педагог қызметкермен еңбек шарты оқу жылын аяқтағаннан кейін бұзылады. Барлық қызметкерлердің жұмыс орыны мен орташа жалақысын сақтай отырып, оларға тегін міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өту қарастырылған.
Сондай – ақ төмендегі кәсіподақ мүшелеріне ақылы еңбек демалыстарына қосымша бес күн ақылы демалыс күндер беру қарастырылған, атап айтқанда: жақын туыстарының (ата-анасы, баласы, қызы, бауырлары, жұбайы, зайыбы, қайын атасы, қайын енесі) қазасына байланысты, жаңа мекен-жайға көшуге байланысты , балаларды әскер қатарына шығарып салғанда, қызметкердің жеке өзінің (балаларының) үйлену тойымен байланысты. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қоғамдық негізде жұмыс атқаратын кәсіподақ төрағасына , білім беру мекемелерінің кіші қамту қызметкерлері және білім беру мекемелерінің қосалқы персонал қызметкерлерге / аула сыпырушы , электрик, ағаш шебері, ғимаратты күтіп ұстайтын қызметші / каникул уақыттарында ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізгені / ақтау, бояу , және т.б. үшін ақылы еңбек демалыстарына қосымша бес күн ақылы демалыс күндер беру қарастырылған .
Медициналық қызметкерлер; кітапхана меңгерушісі,кітапханашылар; аудандық, (мектеп) әдістемелік бірлестіктерінің; білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің басшылары; бас есепші және есепші; бас экономистер / қаржыгерлер, экономистер / қаржыгерлер қызметкерлерге ақылы еңбек демалыстарына 3 күн қосу қарастырылған.
Екінші күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2023 жылда атқарылған жұмыстар мен қаржылық есептер беріліп, 2024 жылдың алдағы жоспары мен қаржы жобасы бекітілді. Жиналыс барысында ұжымдық шартқа қатысты және еңбек қатынасына қатысты кәсіподақ төрағалары тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай әдістемелік кеңестер беріліп, жауаптар қайтарылды.
Абай облысының кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің Ақсуат аудандық комитеті
-
Фото
-