ҚОБДАДА КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбенің Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев 2023 жылы атқарылған жұмыстар мен алға қойылған мақсат-міндеттер туралы есеп берді.
Онлайн өткен жиынға мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, алдымен кәсіподақ көшбасшылары өткен жылы жасалған жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, жиында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлі мен беделі, олардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында орындалатын міндеттер сөз болды.
Жиында кәсіподақ мүшелері декреттік демалыстан кейін еңбек демалысына шығу жайы, демалыс кезінде ұстаздардың жұмыс кестесі, педагогтарды басылымдарға мәжбүрлі жазу сынды көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алды.
Жиын соңында кәсіподақ көшбасшысы 2024 жылға межеленген жоспарларымен бөлісіп, білім саласындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
-
Фото
-