СЕМИНАР КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Ақтөбе облысындағы Хромтау аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының жоспарына сай аудандық «Кәсіподақ - еңбек адамының қорғаны» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Басты мақсат - кәсіподақ қозғалысының мәртебесін арттыру, кәсіподақтың қоғамдағы рөлін нығайтуға және арттыруға жәрдемдесу. Семинарға 39 бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы қатысты.
Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде №1 Хромтау орта мектебінің кәсіподақ төрағасы Салтанат Оразбаева коучинг ұйымдастырды. Әрі қарай топқа бөлініп, топтық жұмыс жасады, постер құрып, кәсіподақтың құқықтарын, міндеттерін, жарғысын анықтап,ситуациялық жағдайларды шешті. Қатысушылар тарапынан маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, жауап алды. Содан кейін Салтанат Оразбаева кәсіподақ тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде, атап айтқанда қызметкерлермен ұжымдық келісім шарт жасасу, қызметкерлерді сауықтыру шипажайларына жіберу, марапаттау және мәдени іс шараларды ұйымдастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Бұдан бөлек, бастауыш кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтылып, оларға заң аясында нақты түсініктер берілді.
Семинар-практикумның екінші бөлімінде №6 Хромтау гимназиясының кәсіподақ төрағасы Самиға Абдуллина кәсіподақ ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заннамалары, еңбек жағдайларын жасауға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жұмыысы туралы есеп берді.
Семинар-практикумның соңында семинар жұмысын қорытындылау, пікір алмасу мақсатында кәсіподақ төрағалары сөз алып, қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен ойталқы жасады.
-
Фото
-