ЖАРМА АУДАНЫНДА ЕСЕП-БЕРУ САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2024 жылдың 27 ақпанында Жарма аудандық комитетінің оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Оған ауданның білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподағынан ұсынылған делегаттар қатысты. Конференция жұмысына Абай облысының оқу-ағарту,ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ибраев Сәбит Молдатьянұлы, Жарма ауданы білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханұлы, кәсіподақ саласының ардагерлері, әлеуметтік- әріптестікті дамытуға айрықша еңбегін қосқан білім беру саласының басшылары қатысты.
Күн тәртібінің негізгі жұмысының бірі ағымдағы жылдары атқарылған жұмыстары жайында комитет төрағасы Сембинов Есен Калиаскарович баяндама жасады. Тексеру комиссиясының төрағасы Уәлиева Гауhар Жанатқызы да саладағы қаржының жұмсалуы жайында егжей-тегжейін, нақты баяндап берді.
Жарыссөзге шыққандар «Ұзынжал негізгі мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Ракишева Мақпал Асылбековна, «Д.Қалматайұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің география пәнінің мұғалімі Сапашев Ержан Оразбайұлы, «Т.Хасенұлы атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Әшірбаев Ерлан Жұмаханұлы Жарма ауданы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің ағымдағы жылдардағы атқарған жұмыстарына оңбаға бере келе жұмысын қанағаттанарлық деп есептеді. Сайлау нәтижесінде комитет төрағасына зор сенім білдіріп, делегаттар бірауыздан қолдап дауыс берді.
Конференция соңында кәсіподақ саласына үлесін қосқан сала қызметкерлері арнайы төсбелгілерімен және Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерініңсалалық кәсіподағының, облыстық кәсіподағының,облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Конференцияда білім бөлімінің басшысы Шаймұратов Қанат Рымханұлы кәсіподақ делегаттарының еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
«Жарма аудандық комитеті» филиалы
-
Фото
-