ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының маманы Айжарық Серімбетов өңірдегі бірқатар кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде болып, әлеуметтік әріптестермен кездесті.
Салалық кәсіподақ өкілі әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақтөбе автожол колледжі мен А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжіне барды.
Білім мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен, мекеме басшыларымен сұхбаттасып, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмыс барысына назар аударды.
Ұжымдық шарт міндеттемелерінің орындалуы туралы мәлімет беріп, еңбек шарттарының дұрыс жасалуын қарады, сондай-ақ мұқтаж қызметкерлерге қайырымдылық көмек көрсету, шипажайларда сауықтыру, марапаттау жөніндегі жұмыстар туралы талқылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына іс-қағаздарын жүргізу, ұйымдастыру жұмыстары туралы әдістемелік көмек көрсетті.
-
Фото
-