МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕҢЕСІ
Бүгін «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымының кеңейтілген кеңесі өтті. Жиында облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тәрбия Байымбетова 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Кеңес жиынына әлеуметтік әріптестер: Маңғыстау кәсіподақтар орталығының басшысы Бекгалыев Сәкен, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызы, Түпқараған ауданының білім бөлімінің басшысы Өтесбаева Айбаршын Қуанышқалиевна, мектептер мен бөбекжайлардың басшылары, кәсіподақ басшылары, белсенді кәсіподақ мүшелері мен БАҚ тілшілері қатысты.
Тәрбия Анайбекқызының мәліметінше, бүгінде облыстық кәсіподақтың мүшелігінде 5 аудандық, 2 қалалық және облыстық 42 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Облыстағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 32 мыңға жуық педагог мүше.
Кәсіподақ қызметінің басты бағыты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау. Бұл жұмыстар облыстық білім басқармасы, аудандық білім бөлімдері, оқу орындарының басшылары сынды әлеуметтік әріптестермен бірге атқарылуда.
Осы жылы Маңғыстау облыстық білім саласының 1422 қызметкерінен кәсіподаққа түрлі өтініш түскен. Оның ішінде 1161 мұғалімге заңгерлер тиісті құқықтық кеңестер берді.
Үздік ұстаздарды ынталандыру мақсатында «Кәсіподақ күші – Бірлікте!» айдарымен бірнеше мәрте шаралар ұйымдастырылды. «Мектепке жол» бағдарламасымен көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға қаржылай қолдаулар көрсетілді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелер, білім беру ұйымдарының мерейтойлары қарсаңында сала майталмандары ескерусіз қалған жоқ.
2023 жылы халықаралық ынтымақтастық, Кәсіподақтар Федерациясының Стратегиясында және Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағдарламасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес дамыды.
Бүкілресейлік білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Татарстан республикалық ұйымы мен «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы арасында келісім шарт жасалды.
Тараптар кәсіподақ жұмысының озық тәжірибесімен алмасу, бірлескен жобаларды әзірлеу және қажет болған жағдайда бір-біріне консультативтік көмек көрсету туралы келісті.
Сонымен қатар, 2023 жыл – Қауіпсіз еңбек жылы «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Халық бюджеті» кәсіподақ жобасына: «Кәсіподақ жетекшілері кімдер?» жобасымен қатысты, нәтижесінде, сыйлыққа: түрлі-түсті лазерлік принтер алынды.
Мұнайлы ауданының, Шоғы Мұңалұлы атындағы No5 орта мектеп директорының ӘШЖ жөніндегі орынбасары Қиянова Қамар Барахатқызы «Үздік техникалық инспектор» байқауының Облыстық кезеңінде 1 орын, Республикалық байқаудан 2 орынға ие болды.
Кәсіподақ төрайымының баяндамасынан соң кәсіподақ қозғалысын дамытуға үлес қосқан әлеуметтік әріптестер-білім беру ұйымдарының басшылары ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кұрмет грамотасымен», «Алғысымен», Облыстық кәсіподақтың әлеуметтік әріптестері мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары төсбелгілер мен Құрмет грамоталарымен және сыйақылармен марапатталды.
Шарада облыстық білім басқармасы басшысы Жұмашева Динара Нағимоллақызы мен Маңғыстау кәсіподақтар орталығының басшысы Бекгалыев Сәкен әріптестік аясында облыстық кәсіподақпен бірлесіп атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.
Облыстық білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік әріптестер, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, белсенді кәсіподақ ұйымының жастары ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіре отырып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік - экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы қызметтеріне сәттілік, шығармашылық табыстар тілеп тарқасты.
Салалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы
-
Фото
-