АЛҒЫС АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ...
2024 жылы қаңтардың 14-нен 15-не қараған түні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылында тұратын біздің (Ахановтар отбасы) үйіміз өртке оранып, оқыстан апатты оқиға орын алды. Құдай сақтап, үйімізде шырт ұйқыда жатқан бес жан аман қалдық. Бірақ, баспанамыз тілсіз жаудың қыспағында қалып, паналауға мүмкіндік болмайтындай зардап шектік. Отбасымыз үшін осындай қиын кезеңде халық болып, ел-жұрт, ағайын-туыс, барлық қазақстандықтар болып деп айтуға болады, барлық жанашыр жандар, Сіздердің көмектеріңіздің арқасында, баспанамызды ретке келтіріп, қазіргі таңда, үйімізде отбасымызбен тұрып жатқан жайымыз бар.
Жұбайым, Слямова Мағия – 40 жылдан артық еңбек еткен ардагер –ұстаз болса, қызым - Аханова Жібек, ұлым - Аханов Орақ аналарының жолып қуып , бүгінгі таңда «Бүркітті ауылының №20 ЖББМ» КММ - де мұғалім болып қызмет атқаруда.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші осындай қиын жағдайда, басымызға түскен сынға бей - жай қарамай қолдау көрсеткен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының төрағасы Мұқашева Айгүл Мақсатқызына, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы Ракишева Алмагүл Айтқазықызына, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарқаралы ауданының ұйымының төрағасы Азамат Секербайұлына, Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының №20 ЖББМ ұйымының төрағасы Қожабекова Алмагүл Сәулеғұлқызына аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, аудан мектептерінің директорлары мен оқу жұмысы жөніндегі орынбасарларына, география, дене шынықтыру, АӘ және ТД пәндерінің мұғалімдеріне, №22, №23, №30, №31, №20, №26 мектеп ұжымдарына, ауылымыздың 1974, 1976, 1985, 1986, 1987 жылғы азаматтарына, ауыл әкімшілігіне, құдаларымызға, туған – туыстарымызға, балаларымның достарына, ауылдастарыма осындай қиын қыстауда қол ұшын созып, жәрдемдескендеріңізге ризашылығымды білдіремін.
Осынау келіп жеткен, Алғыс айту күні барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, отбасымның атынан Сіздердің әрқайсысыңызға шексіз ризашылығымды білдіріп, зор алғысымды айтқым келеді.
Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Құрметпен, Жасұлан Аханов.
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы.