КӘСІПОДАҚ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУДА
Биылғы жылы Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 28 ақпан күні БҚО Ақжайық аудандық кәсіподақ комитеті – филиалының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері арасында волейбол және үстел теннисі ойындарынан аудандық спартакиада өткізілді.
Спартакиаданың мақсаты: кәсіподақ мүшелері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, кәсіподақ қозғалысын дамыту.
Спартакиаданың ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ерболат Бекмулдин қатысып, ауданымыздың білім саласында қызмет жасап жүрген ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, спартакиадаға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ комитеті – филиалының төрағасы Максим Үмбеталиев ауған соғысының ардагерлерін марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.
Спартакиадаға білім беру мекемелерінің жалпы 24 командасы қатысып, қорытындысында волейбол ойыны бойынша:
І орынды «Жігер» спорт клубы командасы;
ІІ орынды Ғ.Махамбетов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы;
ІІІ орынды Бітік мектеп-бөбекжай кешенінің командасы мен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы иеленді.
Үстел теннисі ойыны бойынша:
І орынды Қаршы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы;
ІІ орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің командасы;
ІІІ орынды Жаңажол және Лбішін негізгі орта мектебінің командалары иеленді.
Барлық жүлделі орын иеленген командаларды аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Максим Үмбеталиев Дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
-
Фото
-