АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Астана қаласының Білім басқармасы/ Управление образования города Астаны мен Білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы елордалық педагогика саласының ардагерлерін Алғыс айту күнімен құттықтады.
Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев пен Кәсіподақ төрағасы Батыр Әлиев ардагер-ұстаздарға амандық, құрметті демалыста ұзақ өмір тілеп, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұзақ жылғы еңбектері үшін алғыс айтты.
Өз кезегінде ардагерлер Білім басқармасының ғимаратында осындай кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.