ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының төрайымы К.Еңсегенова, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген 1 наурыз - Алғыс айту күні Ақтау қаласы, №28 «Балдәурен» бөбекжайының ұжымымен кездесті.
Кездесудің мақсаты: еңбек қызметкерлерінің білім жолындағы еңбектеріне алғыс білдіру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында бекітілетін басты құжат «Ұжымдық шартқа» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Кәсіподақ қызметінің негізі - бірлік пен ынтымақтастық.
Қазіргі таңда қоғамның әділдікке деген жоғары сұранысы аясында әлеуметтік-еңбек қатынастарының жағдайына ерекше назар аудару және қарапайым жұмысшыларды қолдау мәселелерінде кәсіподақтардың ерекше рөлі зор екендігі аталып өтті. Кездесу барысында еңбек жолындағы белсенді қызметкерлер Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан Құрмет грамотасымен, сыйлық сертификаттармен марапатталды.
Жиын соңында кәсіподақ көшбасшысы «Алғыс айту күні» - ауызбіршілік, мейірім мен ізгіліктің орнығуына негіз болатын күн екенін айтып,ұжымға татулық пен көктемнің жылы шуағын, отбасы амандығын, еселі еңбектеріне толағай табыстар тіледі.
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-