БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан ардагерлер мен ұстаздарды, кәсіподақ көшбасшыларын атаулы мерекемен құттықтады.
Мерекелік басқосуда басқарма басшысы өңірдегі білім беру саласындағы өзгерістер туралы айтып, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісіне, болашақ мұғалімдерді даялауға ардагер-ұстаздардың қосқан үлесі, нәзік жандылардың қоғамдағы мәртебесі мен маңызына тереңірек тоқталды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары, сый-сияпаттары табысталды.
Барлығы білім саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін аналар, аудан көлемінде білім саласына еңбегі сіңген, облыстық және республика деңгейінде білімді шәкірттер тәрбиелеп жүлделі орындар иеленіп жүрген мұғалімдер. Олардың арасында кәсіподақ көшбасшылары да бар.
Салтанатты жиында ардагер-ұстаздар өздерінің ыстық лебіздері мен ақ баталарын, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Мерекелік шара соңында ақтөбелік жас өнерпаздар жиналғандарға өз өнерлерін көрсетті.
-
Фото
-