ЕҢБЕК - ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Демесінов Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру ұйымдарында 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді «Еңбек адамы» төсбелгісімен марапаттады.
Құрмет төріне кәсіподақ мүшелері, жалпы жұмыс өтілі кемінде 30 жыл, оның ішінде бір лауазымда кемінде 25 жыл болып табылатын Самар ауданы білім беру ұйымдарының педагогикалық емес мамандықтарының қызметкерлері көтерілді.
Іс-шара барысында Алғыс хаттармен марапатталғандарға мерекеге орай сыйлықтар да тарту етілді.
-
Фото
-