САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУ АНАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Халықаралық әйелдер күніне орай «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» Қоғамдық бірлестігі «Анаға арнап ән салам» атты салтанатты қабылдауын ұйымдастырды.
Мерекелік шараға мекеме басшылары мен аудандық, қалалық филиалдардың және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, кәсіподақ белсенділері қатысты. Салтанатты қабылдауға шақырылған қонақтарға алдымен құттықтау хат пен гүлдер табысталды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов сөз алып, кәсіподақ мүшелерінің 75% әйелдер екенін айтып, мерекемен құттықтады. Олардың қоғамдық жұмыстағы белсенділігін атап өтті.
Шара барысында бірқатар кәсіподақ үздіктері жоғары, кәсіптік-техникалық және орта білім беру жүйесіндегі көпжылғы еңбегі мен шығармашылық табысы, өңірде кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін»», «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін», «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподақ ардагері» төсбелгілерімен және облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақтар орталығы мен облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен марапатталды
Кәсіподақ ұйымының әлеуметтік әріптесі Жетісу облысы білім басқармасының басшылары да аталған шараға шақырылды. Болашақтың іргесін қалайтын маңызды тұлғаларға білім беріп, мейіріміне бөлеген педагогтардың жұмысын жүйелеген білім басқармасының атынан сөз алған облыстық әдістемелік орталығының директоры Ғалия Мұхметова ұстаздардың еңбектерін бағалап, ризашылығын білдірді.
Ал, Алматы облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Қаһарман Жақсылық нәзік жандарға арналған ақ тілегін жолдады.,
Салтанатты жиынның өтуіне Оқушылар сарайының еңбек ұжымы да атсалысып, жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламасын көпшілікке ұсынды.
-
Фото
-