АМАЛ КЕЛДІ - ЖЫЛ КЕЛДІ!
14-наурыз - Көрісу күні. Ұлыстың ұлы күні, Амал мерекелеріне орай Ақтау қаласындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында мерекелік іс-шаралар мектепке дейінгі ұйымдардан бастап жоғары деңгейде аталып өтуде.
Мерекенің негізгі мақсаты салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылығымызды дәріптеу, сақтау, жалғастыру.
Адамдар бұл күні қазақтың ұлттық киімдерін киіп, қол алысып көрісу арқылы бір-біріне жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдіреді.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Әр атқан таңның шуағы жақсылық болып нұрын шашсын!
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-