КӨРІСУ – ТАТУЛЫҚ, МЕЙІРІМДІЛІК МЕРЕКЕСІ
Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы 14 наурыз – Көрісу күнін ерекше атап өтті.
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар Орталығы онкүндік декада аясында кеңсені «Керегең кең, екі босағаң тең болсын» мағынасында безендіріп, «Қош келдің, әз Наурыз» атты сайысқа қатысты. Шара барысында келген қонақтарды жергілікті кәсіподақ төрағасы Н.Касенова көрісіп, «Жас құтты болсын» деп қарсы алды, ұйым қызметкерлері мейрам туралы ақпарат берді және ұйымның бас маманы И.Соколов Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің алғашқы шығарылған номиналдарымен, салт-дәстүрге байланысты: «Жеті қазына», «Тоғызқұмалақ», «Бүркіт» әр түрлі монеталарымен таныстырып өтті. Қонақжайлылық - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі демекші, артынан наурыз көжеден дәм ұсынды.
Амал мерекесіне келген қонақтар керемет әсер алды. ШҚО жергілікті кәсіподағы қазақ халқының бай салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптарын паш ету арқылы ұлттық құндылықтарды ұлықтады.
-
Фото
-