КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ МЕН ЕСЕПШІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Онлайн форматта өткен шараға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының кеңсе меңгерушісі Мәдина Бейсембаева, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Раушан Серікова, аппарат мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, есепшілері қатысып, ұйымдастыру жұмыстары бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
Онлайн форматта өткен семинар-практикумде Мадина Бейсембаева ақтөбелік әріптестеріне кәсіподақ ұйымдарындағы іс жүргізу қағидаларымен таныстырып, хаттамаларды толтыру, кіріс, шығыс құжаттарын жүргізу, қаулы, бұйрық шығару сынды маңызды құжаттарды орындаудың үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, кәсіподақ органдарында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың, істер номенклатурасының тәртібін жіті түсіндірді.
Одан соң Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов кәсіподақ қызметіндегі ұйымдастыру жұмысының негізгі бағыттарына тоқталып, кәсіподақ жұмысы туралы нормативтік құжаттар және өзге де негізгі құжаттар туралы баяндады.
Семинар барысында Ақтөбе облыстық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі Алтын Базарғалиева қаржы мамандарына бухгалтерлік құжаттар, олардың тағайындалуы және жіктелуі, қызметтік іссапараларға байланысты ережелер туралы жан-жақты мағлұмат беріді.
Семинарда өзекті мәселелер қаралып, алдағы міндеттер нақтыланды. Салалық кәсіподақ төрағасы Раушан Серікова аудандық кәсіподақ көшбасшыларына сын-ескертпесін айтып, бірқатар міндеттер жүктеді.
Семинар соңында аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өзекті тақырыптарды қозғап, өз сұрақтарына жауап алды.
-
Фото
-