Д. СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШҚТУ «КӨРІСУ КҮНІН» АТАП ӨТТІ
Даулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті және жоғары IT колледжі мерекелік іс-шара өткізді. Әжелер шашу шашып, жастар өнерлерін ортаға салып, ойын ойнап, асыр салды. Төс қағысып көрісіп, жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілектерін білдірді. Бүгінгі күн - Наурыз мерекесінің алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен-кіші бір-біріне сәлем беріп, көрісіп, «Жас құтты болсын» деп амандасып, кәде-сыйларын табыстап жатады.
Әз-Наурыздың бастамасы болып келген бұл күнді ерекше ықыласпен атап өткен студенттер - ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жаңғыруын, көктемнің келуін, жаңа жылдың басталуын сезінгендей. Ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық атаулы ұмытылатын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерейлене бет бұратын бұл күннің шын мәнінде шапағаты мол. Өйткені Амал – мейірім, сауап, береке мен бауыр-малдықтың, ауызбіршіліктің мейрамы.
-
Фото
-