БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫНА 100 ЖЫЛ: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ VІІІ «ДЕНСАУЛЫҚ» СПАРТАКИАДАСЫН ӨТКІЗДІ
2024 жылдың 18 – 19 наурыз күндері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің спорт сарайында кәсіподақ мүшелері арасындағы облыстық VІІІ«Денсаулық» спартакиадасы өткізілді.
Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ ұйымы – «Әз – Наурыз!» Ұлттық мейрамымен бірге білім саласының кәсіподағына 100 жыл толуына орай осы жарысты ұйымдастыру арқылы, барлық білім саласының қызметкерлерін біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттап, кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіріп, өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа шақырады!
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл жарысқа, еліміздің ғылымы мен білімін, мәдениетін дамытуда үлес қосып жүрген азаматтары, арнайы шақырылған педагогика саласының ардагерлері мен ұлағатты ұстаздар және кәсіподақ қозғалысының дамуына зор үлес қосқан ардагерлер қатысты. Барлық аудандар мен қалалық және облыстық білім беру мекемелері, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында іріктеу кезеңінен өткен, ең үздік деп танылған 18 құрама команда жарыста бақтарын сынады.
Алғы сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Марат Даупаев – Білім кәсіподағының 100 жылдығымен және VІІІ «Денсаулық»спартакиадасының ашылуымен құттықтап, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, өз алғысын білдірді.
Сонымен қатар, шараның мәртебелі қонақтары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева, М.Өтемісов атындағы БҚУ құрметті ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Тұяқбай Рысбеков, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова және Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темирхановалар жарысқа қатысушы құрама командаларға сәттілік тілеп, кәсіподақ тек қана еңбеккерлердің әлеуметтік – экономикалық және еңбек құқықтарын қорғаумен ғана шектелмей, өзара салауатты өмір салтын насихаттауға да қолдау көрсетіп,І ғасырға жуық тарихы бар білім кәсіподағының кәсіподақ саласына серпін беріп келе жатырғанын атап өтті.
Жарыстың ашылу салтанатында облыстық Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының құрметті төрағасы Олег Пимонов пен Ауған соғысының ардагері Рахим-Қажы Абдукаримов Ауған соғысына қатысқан ардагер– педагогтар мен қызметкерлерді құрметтеп, әр жыл сайынкөңіл бөліпкездесу шараларын да ұйымдастыратынына зор алғыстарын білдіріп, Батыс Қазақстан обылстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаевқа «Чернобыль және ЖӘ Одағының Ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің атынан «Парыз - Абырой - Отан» медалімен марапаттады.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, жалпы командалық есепте:«1 орын» алған командаға «Ақжайық» шипажайына демалуға тегін жолдама, 2 орын алған екі командаға, 3 орын иеленген үш командаға және ойынның 2 түрінен жеңімпаздарға, белсенді қатысқан барлық қатысушы командаларға100 жылдыққа арналған естелік статуэткалар,кубок пен дипломдаржәне заттай сыйлықтар табысталды.
Екі күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Волейбол ойынынан: 3 орын – Жаңақала, 2 орын – №47 қалалық мектебі, 1 орын – № 21 қалалық мектебі құрама командалары, Үстел теннисі ойынынан: 45 жастан жоғары ерлер арасында 3 орын –Т. Бигалиев, 2 орын – А.Зейнедден, 1 орын – А. Джумагалиев иеленді. Ал, 45 жасқа дейінгі ерлер арасында 3 орын – Д. Адиев, 2 орын – Э. Шамелов, 1 орын – А.Набиев иеленсе, әйелдер арасында 3 орын – М. Сейфулла, 2 орын – А. Мансурова, 1 орын – И. Шабдарова иеленді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте:3 орын – Жаңақала ауданы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Жәнібек аудандық құрама командалары иеленсе, 2 орынды – Бәйтерек ауданы және № 47 қалалық мектебі құрама командасы, 1 орынды – № 21 қалалық мектебі құрама командасы иемденді.
Әсем ән мен биге ұласқан салтанатты жабылу сәтінен кейін кәсіподақ мүшелері естелік фото суреттерге түсіп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы
-
Фото
-