ЖАҢАРУ КҮНІ
«Наурызнама» онкүндігі – ұлт мейрамын тойлатудың жаңа форматынаорай алуан түрлі іс-шаралар өтуде.
19 наурыз – «Жаңару күні» еліміздің өмірінің барлық салаларында жаңа кезеңнің басталуын белгіледі.
Бұл күні Шығыс Қазақстан салалық кәсіподақтарының қатысуымен, кәсіподақтар үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Барлығы құттықтаулар мен шығармашылық нөмірлер дайындап, ұлттық киім киіп, «Үздік бауырсақ» байқауына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы жергілікті кәсіподағының төрағасы Н.Касенова шашу шашып, жылы лебіздерін арнады. Ал ұйым қызметкерлері қазақ әйелдерін жасына қарай әдемі атау дәстүрін ұсынып, «Қонақәде» әдет-ғұрпын айтып іс-шара қонағы Жанар Базарбаева, күй шебері Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін орындады.
Әр түрлі нөмірлер, керемет ұлттық киімдер, қазақтың мол дастарханы мен мерекелік атмосфера, тамаша эмоциялар, әркімнің жүрегін қуаныш пен жарқын үмітке толтырды.
-
Фото
-