«ЖЫЛЫ ЖҮРЕК - ЖОМАРТ ҚОЛ»
Наурызнаманың онкүндігі аясында «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының» Маңғыстау облыстық ұйымының Мұнайлы аудандық филиалы іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Жылы жүрек-жомарт қол» қайырымдылық акциясын өткізді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - дегендей, аталған акцияға Мұнайлы ауданы бойынша кәсіподақ ұйымы қаражатынан азық-түліктерге сертификат дайындалып, білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, соның ішінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға тарту етілді.
Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары да белсенділік танытып, өз үлестерін қосып, азық-түліктерді Батыр, Атамекен ауылдарында тұратын қызметкерлердің үйлеріне жеткізді.
Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға асығайық!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы