II АЙМАҚТЫҚ ОЙЫН
2024 жылы 26 наурызда Катонқарағай ауданының балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында, Шығыс Қазақстан облысы аудандық, қалалық кәсіподақ ұйымдарының командалары арасында,Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналған облыстық ХI спартакиадасына II аймақтық іріктеу кезеңі өткізілді.
Екінші аймақтық іріктеуге Алтай, Катонқарағай, Үлкен Нарын аудандары білім саласының кәсіподақ ұйымы мүшелері қатысып, волейбол мен үстел теннисінен бақтарын сынады. Кезекті аймақтық ойынының ерекшелігі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен «Катонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы», осыған орайКатонқарағай ауданы бөлек команда болып қатысты.
Жалпы командалық ойында: 1 - орын Катонқарағай командасы, 2 - орын Үлкен Нарын ауданының командасы, 3 - орын Алтай ауданының командасы еншіледі. Жекелей үстел теннисінде жеңімпаз болған кәсіподақ ұйымының мүшелері және осы аймақтық ойынды өткізуге атсалысқан төрешілер, мектеп ұйымдастырушылары, медициналық қызметкері Алғыс хаттар мен ақшалай сыйақымен марапатталды. Марапаттар арасында ең кішкене жанкүйер Павел атты бүлдіршін иеленді, анасы Сосновская Мария волейбол ойынының қатысушысы болды.
Бірінші орын алған команда облыстық спартакиадаға жолдама алды.
Жеңімпаздардар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!
Келесі III аймақтық іріктеу кезеңі 2024 жылдың 30 наурыз айында Ұлан ауданыңда өтеді, оған Глубокое, Шемонаиха, Ұлан аудандарының командалары қатысады.
Жарқын жеңістер тілейміз!
-
Фото
-