КІТАП – ҚҰНДЫ ҚАЗЫНА
Ақтау қаласындағы №30 жалпы білім беру мектебінде мұғалімдер арасында мектепшілік «Кітап оқу» жобасы аясында ұстаздардың шығармашылық қабілетін арттыру және кітап оқу арқылы дүниетанымын кеңейту мақсатында «Бір кітап. Бір сахна.Бір қойылым» тақырыбында байқау ұйымдастырылып өткізілді.
Байқау шымылдығын мектеп директоры Бекболат Еркінұлы ашты. 14 бірлестік жетекшісі жереби арқылы ұсынылған 14 кітапты таңдаған және кітапты оқуға 1 ай уақыт мерзімі беріліп, көктем айының демалысының соңғы аптасына жоспарланған. «Күш – білімде, білім – кітапта» дегендей, болашақ жас ұрпаққа үлгі болу және кітап оқуды дамыту, байқауда әр бірлестік мүшесіне оқылған кітаптарындағы шығарманы қойылым арқылы көрсетіп шығу жүктелді.
Бірлестік жетешілері сахналық қойылымды өте жоғары деңгейде, мазмұнды сомдап шықты. Әрине, қарапайым ұстаздар кәсіби өнер иелері болмаса да үлкен жауапкершілікпен орындау арқылы кейіпкерлерге сай костюмдері, актерлік шеберліктері арқасында қойылымды өте әсерлі көрсетті.
Қойылым арқылы ішінара ұстаздарымыздың өнерге деген қызығушылықтары басым екендігі байқалды.
Байқауға барлық ұжым қатысып, қатысушыларға деген құрмет, ілтипаттары ерекше аталды. Одан әрі осы шараға шақырылған Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Енсегенова адам кіпап оқудың арқасында қырағы ғана емес, ақылды болады, ой-өрісі мен дүниетанымы дамитындығын айта келе, оның айғағы ретінде бүгінгі шараның куәсі болғанын жеткізді.
Өткен шығармаларды, ондағы кейіпкерлерді сомдау өте асқан шеберлікпен орындалғаны және осындай қойылымнан рухани азық алғандығын атап өтті.
Байқау қорытындысында үздік сахналық қойылымдар: Бас жүлде қазақ тілі мен әдебиет бірлесітктері, 1-орын 2-сынып бастауыш бірлестіктері, 2-орын 4-сынып ұстаздары, 3-орын жаратылыстану бірлестігі иелері аталып, барлық жеңімпаз бірлестіктері Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы атынан арнайы сыйлықтармен және ерекше кейіпкер ролін сомдаған 10 ұстаз сыйлықтармен марапатталды.
Ғ.Чокиев,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №30 жалпы білім беру мектебінің кәсіподақ мүшесі.