МҰҒАЛЖАРЛЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ ДЕМАЛЫСТАРЫН СӘТТІ ӨТКІЗДІ
Педагогтарды емдеу-сауықтыру шараларымен қамту - білім кәсіподағы қызметінің басым бағыттарының бірі. Биыл облыстық, аудандық кәсіподақ ұйымдары өңір ұстаздарының көктемгі демалысын кең көлемде ұйымдастырып жатқанына көпшілік куә.
Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жыл сайын мұғалімдердің емдеу-сауықтыру шараларымен қамтылуын қаперде ұстайды. Кәсіподақ биыл да игі дәстүрден жаңылмай, бір топ ұстазға шипажайға жолдама тарту еткен болатын.
Ауданның 40-қа жуық білім қызметкері емдеу-сауықтыру орталықтарында ем қабылдап, тынықты. Мұғалжарлық кәсіподақ мүшелері шипажайларда емдік душ, массаж қабылдап, толық медициналық тексерістен өтті. Төрт мезгіл тамақтану, оттегі коктейлі, минералды сулар, массаж, магнит терапиясы, тұзды ванна және басқа да ем-дом шаралары сапалы түрде жасалды. Шипажайда екі адамдық бөлме, теледидар, тоңазытқыш тағы да басқа жағдайлар жасалған.
Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелерінің бір легі "Түркістан" қаласына тарихи-танымдық саяхатқа шықты.
-
Фото
-