МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ СЫНҒА ТҮСТІ
2024 жылдың 9 сәуірінде Жетісу облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен жаңадан тағайындалған мектеп директорларын әдістемелік сүйемелдеу, қолдау мақсатында "Жас менеджер" байқауы өтті. Әділқазылар алқасының құрамында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мэлс Төлепбергенов болды.
Білім беру ұйымдарында шығармашылықпен жұмыс жасайтын жас көшбасшылар жұмыс жүйелерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты.
Әділқазылар алқасы басшының тәжірибесін таныстыру мәдениетіне, ерекшелігіне, мазмұедылығына аса мән берді. Үздік деп танылған көшбасшыларға білім басқармасының дипломдары және салалық кәсіподақтың Жетісу облыстық ұйымының Құрмет грамоталары мен сыйлықтары табыс етілді.