ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗГІ ІС
Елде болып жатқан төтенше жағдай бәрімізге мәлім. Атырау облысының Жылыой ауданында көктемгі табиғи апаттың салдарынан елді мекендерді су басып қалды. Көптеген тұрғын үйлер су астында қалды.
Осы жағдайларға орай, «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі аталған ауданда зардап шеккен жанұяларға көмек қолын созу мақсатында «Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек» қорын ұйымдастырып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғарғы білім қызметкерлері кәсіптік одағы тарапынан қаржылай көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, облыстық салалық ұйым бюджеті есебінен қаржы бөлінді. Бұл игілікті шара жалғасын табуда.
«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, баспасөз қызметі