
КҮРШІМ АУДАНЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің Күршім аудандық кәсіподақ ұйымында есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференцияға «Шығыс Қазақстан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Касенова, Күршім аудандық білім бөлімі басшысы Б. Елеубаев, педагогикалық еңбек, кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, мектеп директолары және кәсіподақ активі қатысты. Есепті кезеңдегі баяндама жасалып, бақылау-тексеру комиссиясының есебімен таныстырды.
Білім беру саласында ұзақ жылдар қажырлы еңбек еткен, білім саласының дамуына өз үлесін қалдырған аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә. Косамбековқа алғыс білдірді.Аудандық кәсіподақ төрағасы болып бірауыздан Г.Мукушева сайланды.
Жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Касенова өз сөзінде облыстық кәсіподақ ұйымы қызметінің негізгі бағыттары, ШҚО білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподағының арасында жасалған 2024-2026 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім шарттың ерекшеліктерін кәсіподақ мүшелеріне түсіндірді. Қорытындылай келе сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар ары қарай жалғастырыла беретінін сенім білдірді.