
МЕДБИКЕЛЕРДІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚТАДЫ
12 мамыр – медбикелердің кәсіби мерекесі. Халықаралық медбикелер күні 1974 жылы қаңтарда Халықаралық медбикелер кеңесінің бастамасымен бекітілген. Бұл ұйымға әлемнің 140-тан астам елінің орта медициналық персоналының өкілдері кіреді. Дәл осы күні медбикелер қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейл өмірге келген. Ол XX ғасырдың басында Англияның медицинасын түбегейлі өзгертіп, медбикелер қызметінің ашылуына себеп болған. Сол кезеңнен бері медбикелер өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқарып келеді. Солардың арасында білім беру саласында қызмет ететін ақ халатты абзал жандар да бар.
Атаулы күнге байланысты Ақтөбенің Шалқар ауданында салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты басқосуда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қызметтік міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген медбикелерге құрмет көрсетілді.
Шара барысында кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының қолдауымен өткен марапаттау шарасында медбикелерге Алғыс хаттар мен шипажайға жолдамалар табысталды.
-
Фото
-