ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақтөбе облысының Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде Абай негізгі мектебінде, Ақжар орта мектебінде, №1 Күншуақ, №6 Ақкөгершін, №8 Тұлпар бөбекжай-балабақшасында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Хромтау аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлжан Ақанова іс-қағаздары, келісімшарттардың дұрыс толтырылуы мен еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады.
Сонымен қатар білім беру мекемелеріндегі еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарының жүргізілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуына жіті назар аударды. Сондай-ақ, әдістемелік көмек көрсетті.
-
Фото
-