
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ АРАСЫНДА БЕСТЕМШЕ ЖӘНЕ ШАХМАТТАН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай, Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері арасында бестемше және шахматтан қалалық Турнир ұйымдастырылды. Сайыс қалалық №8 «Арай» бөбекжайының базасында өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты – жаңа ойын түрін және салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік пен достық қарым-қатынасты нығайту, кәсіподақтың жас мүшелерімен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен патриоттық сезім қалыптастыру.
Шараның ашылу сәтінде БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының төрағасы Тулеген Темешев және қалалық №8 «Арай» бөбекжайының меңгерушісі Майнер Тулешева жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
Турнирге жарыстың екі түрінен 70-ке тарта ойыншы қатысты. Жарыстар жекелей есепте ойынның блиц түрі бойынша швейцарлық жүйесімен 7 турда жекелей есепте өткізілді.
Жарыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар БҚО Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалының арнайы дипломдарымен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
БҚО ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІ – ФИЛИАЛЫ
-
Фото
-