
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтау қалалық білім бөлімі 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің және халықаралық ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.
Шарада сондай-ақ білім додаларында оқ бойы озық шыққан жеңімпаз, ерекше қабілетті, дарынды ,білімпаз оқушылар да марапатталды.
Мерекелік іс-шарада Ақтау қаласы әкімінің орынбасары С.Н.Төребекұлы жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтап, осындай жетістікке жетудегі білім беруші ұстаздары мен қолдау көрсетудегі ата-аналардың еңбегін ерекше атап, болашақ қадамдарына жетістік тіледі.
Кеш соңында Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы К.Еңсегенова жүлделі орын иелерін жетістіктері мен жеңістерімен құттықтай келе, жыл қорытындысы бойынша «Бас жүлде» IT лицейіне, I орын Н.Марабаев атындағы № 7 мектеп лицейіне III орын № 19 мектеп - гимназиясына сыйлық-сертификаттар табыстады.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы
-
Фото
-