
ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛІП, ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысы,Әйтеке би аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде Т.Шевченко, Қ.Шаңғытбаев, С.Оразалин, Саз мектептерінде және Балбұлақ, Балапан, Ақбөбек балабақшаларында қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.
Жұмыс барысында Әйтеке би аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Зейнел Бекетов іс-қағаздары, келісімшарттардың дұрыс толтырылуы мен еңбек заңнамасының орындалуын қадағалады. Сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарының жүргізілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуына жіті назар аударып, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар кәсіподақ төрағасы аталған білім беру ұйымдарындағы ұжым мүшелерімен кездесіп, оқу жылының қорытындысына орай үздік мамандарға Түркістан қаласына танымдық-тарихи саяхатқа сертификаттар мен аудандық білім бөлімінің бірлескен алғыс хатын табыстады.
-
Фото
-