ЖАС КЕЛСЕ - ІСКЕ
Осылай деген дана қазақ қай заманда болмасын жастарға зор үміт артып, игі істің бастауы ретінде қараған. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарға сенім артқан Мағжан Жұмабаев та жаңашылдық пен адалдықтың негізі – жастар екендігін айтқан. Үш жүздің басын қосып, күллі қазақ халқын біріктірген Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» – деген сөзінің өзі қазіргі заман жастарын білімге жетелеп тұрғандай. Қысқасы, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де ұстаз. Жас та болса, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын білікті маман. Оқушының шабытын оятып, білімге құшатырлығын арттыруды көздейтін ұстаздардың бірі – Кәдіров Қасымбек Нұрлыбекұлы.
Кәдіров Қасымбек Нұрлыбекұлы - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген, 2021 жылдан бастап бастап аудандық балалар саз мектебінде вокал класының мұғалімі болып қызмет атқарады.
«Жас келсе іске» демекші, ол өзі түлеп ұшқан мекенінде жас буынды тәрбиелеуге ерекше үлес қосып жүрген еңбекқор, талапшыл әрі креативті жас ұстаздардың бірі.
2017 жылы мектепті аяқтап, сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің кәсіби-шығармашылық факультетіне оқуға түсті. 2021 жылы «Музыка және хореография» мамандығын тәмамдады.
Қасымбек Кәдіров ауыл балаларына сапалы білім беріп, үздіксіз ізденіп жүрген жас маман болғанымен, бүгінге дейін облыс көлемінде қол жеткізген жетістіктері жетерлік. Жас болса да ұстаздық жолда үлкен жетістікке қол жеткізген ол бүгінде дарынды шәкірттерді тәрбиелеуде үздіксіз еңбек етуде. Ал оның дарынды шәкірттері шығармашылық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.
Өз мамандығын мақтан тұтып, өз ісіне жан-тәнімен берілген жас ұстаздың бағындырар биіктері әлі алда деп сенеміз.
Жетістіктері:
2016 жылы Халықаралық "Тоника" байқауының ІІ дәрежелі лауреаты;
2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің "Үздік студент" төсбелгісінің иегері;
2021 жылы "Шырқа, гитара - 2021" ІІІ облыстық студенттер байқауының Бас жүлде иегері;
2021 жылы Республикалық сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 95 жылдығына арналған "Ән мен жырдың Ақбұлағы" ән байқауының ІІ орын иегері;
2021 жылы "Еркелей аққан-Ор өзені" ХІІІ облыстық эстрадалық ән байқауы Бас жүлде иегері;
2021 жылы "Бабалар аманаты" аймақтық эстрада вокал орындаушылар байқауының ІІІ орын иегері;
2022 жылы "Сайра, бұлбұл" атты облыстық ән байқауында үздік шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хат;
2022 жылы Диплом 1 ші орын Роза Бағланова 100 жылдығына арналған "Ән бұлбұлы - Роза" ән байқауының І орын иегері;
2022 жылы Ақтөбе облыстық "Батырлар рухы" атты патриоттық әндер байқауының ІІІ орын иегері;
2022 жылы "Сахнадан сәлем" театр фестиваль-байқауында "Жаңа есім" иегері;
2023 жылы "Шығармашыл ұстаз" атағының иегері;
2023 жылы V облыстық балалармен жасөспірімдер арасындағы хор музыкасының чемпионаты І орын және "Үздік жетекші" номинациясының иегері;
2023 жылы Ырғыз балалар өнер мектебінің 50 жылдық мерейтойы аясында облыстық "Қазақстаным - ардақты мекенім" патриоттық әндер байқауының бас жүлде иегері;
2024 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі, Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Алғыс хатының иегері.
-
Фото
-