БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
2024 жылдың 26 мамыр күні Ақтау қаласында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мейрамына орай ІІ облыстық үстел теннисі турнирінің ІІ кезеңі өтті.
Байрақты бәсекеге қатысушылар әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Жарыс нәтижесінде, «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ филиалдары жүлделі орындарды иеленді: І орын - Жаңаөзен мұғалімдер командасы, ІІ орын - Мұнайлы мұғалімдер командасы.
Жеңімпаздарды Аумақтық кәсіподақтар орталығы өкілдері құттықтап, жүлделі орын иегерлеріне Диплом және сыйлық-сертификаттар, турнир кубоктарын табыстады.
Әріптестерді жеңістерімен құттықтаймыз!
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-