БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ
«Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді, мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді» - деп дана халқымыз айтқандай, бала тәрбиесінде жүрген әрбір жанға артылған жауапкершілік жүгі жоғары.
Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері үлгілі әріптес, тәлімді тұлға – Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы №10 «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі Матжанова Каншайым Матжанқызы болмақ. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша педагогикалық училищені бітірген Каншайым Матжанқызы бірнеше жылдан бері бүлдіршіндер арасында, солардың күміс күлкісі мен боямасыз бейнелерін тамашалаумен өткізіп келеді. Біліктілікті шыңдау курстары мен аудандық, облыстық семинарларда ол өз тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға әдістемелік көмек беріп жүр. Бүгінгі күні мектепке дейін білім беру мекемесінде ұлттық құндылықты бала бойына сіңіру, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға үлкен үлес қосуда.
Қашан көрсең де өз-өзіне сенімді, табанды, шыдамды мінезімен өзгелерге қолдау көрсете білетін, жарық сәулесін шашып тұратын мейірімді ұстаз ретінде әріптестері арасында: «мамандығым, байлығым-шәкірттерім» деп таныла білген ұлағатты ұстаз. Ұлағатты тәрбиеші - отбасының тірегі, төрт баланың анасы, үш немере сүйген аяулы әже. Сондай-ақ әр шәкірттің шамшырағын жаға білген ардақты тәрбиеші.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық филиалы