ҰСТАЗДЫ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛАҒАТТЫ ІС
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде аға оқытушы, Чернобыль ардагері Қайсанов Советқазы Бекенұлының 60 жылдық мерейтойына арналған кездесу кеші өткізілді. Мерейтой иесі жоғары оқу орнында 30 жылға жуық уақыттан бері қызмет атқарып, білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген Ұстаздың 60 жас мерейтойы ерекше маңызға ие.
Жиында білім беру ісіне сіңірген көпжылдық еңбегі үшін мерейгерге Shakarim University ректоры Думан Орынбековтың құттықтау хаты табыс етілді.
Кездесуде Советқазы Бекенұлына Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пен Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Есенжолов облыс және қала әкімдерінің Алғыс хаттарын табыстады.
Оқытушының жарқын сәттері Шәкәрім университетімен тығыз байланысты. Кездесуде мерейтой иесіне әріптестері мен шәкірттері ыстық лебіздерін білдіріп, облыстық кәсіподақ ұйымы мен облыстық ардагерлер кеңесінің марапаттары берілді.
Ж.Төлеуғазы,
Shakarim University кәсіподақ мүшесі
-
Фото
-