КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Маңғыстау ауданының білім беру ұйымдарында «Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.А.Баймбетова, құқықтық мәселелер бойынша маман Н.С.Храмова, маман С.А.Умарбаевтардың қатысуымен 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шарттағы заңдылықтарды түсіндіруге арналған жиналыс өтті.
Жиналыста төрайым Т.А.Баймбетова Ұжымдық шарттың мәні мен мақсаты жөнінде түсінік берді. Құқықтық қызметтер жөніндегі бас аман Н.С.Храмова арнайы слайдтар арқылы 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы облыстық Келісімнің мәні, кәсіподақ мүшелеріне қарастырылған артықшылықтар, сонымен бірге еңбек заңнамасының сақталуын бақылау, құқықтық қызмет, әлеуметтік әріптестік, сауықтыру, кәсіподақ белсенділерін оқыту, қайырымдылық көмек және т.б. туралы ақпарат берді.
Сонымен бірге көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берілді.
Аудан бойынша кәсіподақ құрамына қосылып жатқан қызметкерлердің саны күннен күнге артуда. Оның себебі кәсіподақ ұйымы барлық қызметкерлердің құқығын қорғап қана қоймай, олардың мүддесіне бағытталған бірқатар игі жұмыстарды атқаруда.
«Қазақстан оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фото
-