ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 1 маусым —Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Біз бақытты балдырған” тақырыбында мерекелік шара өтті.
Шара барысында жоғары біліктілігі мен кәсіби шеберлігін еліміздің ертеңі - өскелең ұрпақтың кемел келешегіне арнап, білім беру саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген білім беру ұйымдарының тәрбиешілері марапатталды. Үздіктерге облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы табысталды.
Сонымен қатар, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен еліміздің ертеңі бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолындағы жемісті еңбегі үшін бірқатар кәсіподақ мүшелеріне аудандық білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының бірлескен Алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары тарту етілді.
-
Фото
-