МАЙТАЛМАН МАМАН
Мамандықтың шыңына шығу, өз ісінің майталманы болу - бір бақыт. Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері майталман маман - Малаева Амангүл Рүстемқызы туралы сөз қозғаймыз.
Малаева Амангүл Рүстемқызы 2015 жылдан Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы, Дәулет селосы №10 «Ақбота» бөбекжайында қоймашы қызметін атқарып келеді. Лауазымына берілген маманның ұжымдастары алдында абыройы асқақ.
Бойына адалдық, әділдік, қамқорлық, еңбекқорлық сынды жақсы қасиеттерді жинай отыра, ол ортасына өте сыйлы, бөбекжайдың ата-аналары арасында үлкен құрметке ие.
«Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады», – деп атақты ағылшын ойшылы Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шын жүрегімен қатты қалаған, талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады.
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданының филиалы