ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ШЕШУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың Келісу комиссиясы мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарға Келісу комиссиясының 200-ге жуық мүшесі қатысты.
Кәсіподақ ұйымының негізгі бағыты — еңбек адамының құқықтарын қорғау және еңбек дауларының алдын алу болып табылады. Осы мақсатта семинар тақырыбы бойынша ұйымда еңбек даулары туындаған жағдайда келісу комиссия тәртібі негізге алынатындығы туралы жеке-жеке тармақтары бойынша түсініктер берілді.
Семинарда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құқықтық қызметтер жөніндегі бас маман Н.С.Храмова семинардың мақсаты мен міндеттері туралы айтып, туындайтын жеке еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін қаралатын мәселелердің қаншалықты маңызды және талапқа сай орындалуын басты назарға алу және еңбек қақтығыстарын шешуде келеңсіздіктерге жол бермеу туралы тарқатып айтты
Семинарға қатысушылар Н.С.Храмованың оқытуға кәсіби көзқарасын, материалды таныстыру мен достық қарым-қатынасын атап өтіп, ерекше алғыстарын білдірді.
Семинар әдістемелік көмек беру деңгейінде өтті. Тыңдаушылар семинар тақырыптарын талқылауға белсене қатысты. Көзделген семинардың мақсаты мен міндеттері орындалды.
Ақтау қалалық филиалы
-
Фото
-