САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚҚА – 100 ЖЫЛ: ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ ҰЙЫМЫ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ
Ағымдағы жылдың 7 маусым күні Теректі аудандық кәсіподақ комитеті- Филиалының ұйымдастыруымен білім кәсіподағына 100 толуына орай белсенді кәсіподақ мүшелерін салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.
Шараға білім саласына еңбегі сіңген ардагер ұстаздары мен кәсіподақ саласының ардагерлері, ұзақ жылдар аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарған Айсекер Ахмадиева қатысты.
Аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ұлдай Сәрсенова кәсіподақ мүшелері мен педагогтарды құттықтап, қоғам игілігі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген барша әріптестерге алғыс білдірді.
Мерекеге орай, ҚР оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен – Ақжайық ЖОББМ мектебінің ұстазы А.Қосмағұлов, Қазақстандық оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Алғыс хатымен – Восход НОМ мұғалімі Ш.Сапарова және Подстепный №1 ЖОББМ-нің К.Әбдуайтова, «Бәйтерек» бөбекжайының тәрбиешісі С.Сисенғалиевалар марапатталса, Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен Теректі ауданының бір топ педагогтары марапатталды.
Шара барысында Теректі аудандық музыкалық мектебінің «Телқоңыр» ансамблі әуелетіп ән шырқап, барлық марапатталушыларға аудандық кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар табысталды.